Б.Сағынтаев: Біз аға буынның табандылығын ұмытпаймыз

09.05.2021 14:00

Бұл күні әкелеріміздің ерлігін, болашаққа үміт сыйлаған жауынгерлердің ерлігін еске аламыз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар басшысы өзінің құттықтауын Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

«Құрметті алматылықтар! Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Жеңіс күніне орай менің шынайы тілегім мен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бүгінде бұл мереке әр жастағы жандарды, түрлі мамандық пен ұлт өкілдерін біріктірді. Бұл күні әкелеріміздің ерлігін, болашаққа үміт сыйлаған жауынгерлердің ерлігін еске аламыз. 1,2 млн-нан астам қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагері, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Отандастарымыздың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі зор. Сол сұрапыл жылдары Алматы да жауды жеңуге үлес қосып, «сенімді тылға» айналды.

Біз аға буынның табандылығын ұмытпаймыз. Ардагер-майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне деген мақтаныш пен құрмет жүрегімізде мәңгі сақталады.

Мерекенің қиын уақытта өтуіне қарамастан, ҰОС қатысушыларының ешқайсысы назардан тыс қалға емес. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық, бейбітшілік, жақсылық пен бақыт тілеймін!!», — деп жазды Б. Сағынтаев.


Айта кетейік, Президент Қ. Тоқаев та қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған еді.