Қала әкімі
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен
құттықтады. Бұл құттықтауын шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында
жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімнің айтуынша, бұл күні біз жер бетіне бейбітшілік пен
тыныштықты орнатып, фашистік езгіден азат еткен майдангерлерімізге құрмет
көрсетеміз.
«Қайталанбауы тиіс сол бір азапты жылдар уақыт өткен сайын
бізден алыстап барады. Біз осылай ардагерлерімізге құрмет көрсеткен сайын,
олардың сол бір сұрапыл жылдардағы ерлігі жадымызда күн сайын жаңғыра берері
сөзсіз. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны
еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де
естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!» – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Шаһар басшысының айтуынша, ұзақ шайқаста әбден шыңдалған
ардагерлеріміздің рухы қашанда биік екен. Егде тартқан жасына қарамастан олар
қоғамдық өмірге етене араласып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың,
адамгершілік пен абыройдың биік деңгейдегі үлгісін көрсетіп келеді.
«Бүгінде біз ардагерлерге қамқорлық пен ықылас-ілтипат
көрсетіп отыруға тырысамыз», – деп жазды шаһар басшысы.
Қала әкімі биыл қала Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне миллион теңдеген бөлгенін атап өтті. Сондай-ақ, соғыс
майдангерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұрғындар, майдан даласында қаза
тапқан сарбаздардың жесірлері, тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған.
«Біз, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда бізді жақсы ғұмыр
кешсін деп сыйлаған бейбіт өмір, ашық аспан үшін басымызды иеміз. Ерліктеріңіз
ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге зор денсаулық тілеймін!», – деп қорытындылады
сөзін қала әкімі Б. Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
09.05.2020 Құрметті алматылықтар! Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын! Бұл күні біз жер бетіне бейбітшілік пен тыныштықты орнатып, фашистік езгіден азат еткен майдангерлерімізге құрмет көрсетеміз. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы! Бүгінде біз ардагерлерге қамқорлық пен ықылас-ілтипат көрсетіп отыруға тырысамыз. Ұзақ шайқаста әбден шыңдалған ардагерлеріміздің рухы қашанда биік. Егде тартқан жасына қарамастан олар қоғамдық өмірге етене араласып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, адамгершілік пен абыройдың биік деңгейдегі үлгісін көрсетуде. Біз, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда бізді жақсы ғұмыр кешсін деп сыйлаған бейбіт өмір, ашық аспан үшін басымызды иеміз. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге зор денсаулық тілеймін! —— Уважаемые алматинцы! Поздравляю с 75-летием Победы в Великой Отечественной войне! В День Победы мы чествуем ветеранов, остановивших фашистскую агрессию и отстоявших свободу и мир на земле. С каждым годом время отдаляет нас от тех страшных событий, повторения которых нельзя допустить. Это значит, что память о подвиге наших солдат должна с каждым днем быть сильнее. Как сказал Народный Герой Бауыржан Момышулы, память о войне — это не только боль и скорбь. Это память о битвах и подвигах. Это память о Победе! Сегодня мы стараемся окружить ветеранов заботой и вниманием. Закаленные в боях, они показывают стойкость духа. Несмотря на преклонный возраст, участвуют в общественной жизни, являются примером патриотизма и преданности Родине, приверженности высоким идеалам нравственности и чести. В этом году город выделил по миллиону тенге участникам и инвалидам ВОВ. Не оставлены без внимания и горожане, приравненные к участникам и инвалидам войны, вдовы погибших на фронте воинов, участники трудового фронта. Мы, представители поколений, которым вы подарили мирную жизнь и отстояли наше право на жизнь, склоняем низко головы и благодарим за ваш Подвиг! Крепкого здоровья вам!
Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)8 Май 2020 в 8:55 PDT