Елімізде соғыс және тыл ардагерлері пойызбен тегін жол жүре алады

© Sputnik / Тимур Батыршин
© Sputnik / Тимур Батыршин
Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жүзеге асырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, тыл еңбеккерлері және еңбек майданының қатысушыларына теміржол көлігімен тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сілтеме жасап.

Қазақстан теміржолы компаниясының хабарлауынша, теміржол көлігімен тегін жүру 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және еңбек майданының қатысушыларына беріледі.

Аталған қайырымдылық акциясы "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының "Жеңіс" жобасы аясында ұйымдастырылды.

"Акция мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын, 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, тыл еңбеккерлерін және еңбек майданының қатысушыларын әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру", - делінген хабарламада.

Барлық бағыттағы (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегінде) пойыздардың купелік вагондарында, сондай-ақ қаламаңы қатынасындағы пойыздарда, "Турист" класты вагондарда және "Talgo" компаниясының вагондарынан құрылған пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купеде тегін жол жүру көзделген.

Тегін жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігін, тыл еңбеккері және еңбек майданының қатысушысы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісі бар зейнетақы куәлігін ұсыну қажет.

ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру үшін құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ғана ресімделеді.

Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жүзеге асырылады.

Новости партнеров