Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталып, үздіксіз 5 жылға созылды. Сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Миллиондаған азамат қолына қару алып, қан майданға аттанып, елі мен жері, болашақ ұрпағы үшін жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv
Айша Қосайбайқызының атасы мен ағасы қан майданда ерлік көрсетсе, әжелері мен анасы тылда еңбек еткендігін еске алып, немерелеріне мақтанышпен айтуда.
«Биыл Жеңістің 75 жылдығы, біз бұл күнді атап өтеміз, тойлаймыз. Ең бастысы – бейбіт заманымызда тыныштық болсын, бүгінгі әлемді жайлаған індеттен аман-есен өтейік, деніміз сау болсын», - дейді қарт әже немерелеріне.
Алматы қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін мектептің 3 «Б» сынып оқушысы Жақанова Әмина әжесінің әкесі Қосайбай туралы және сол жылдары тылда жұмыс жасаған әжесінің анасы Сара, әпкелері Нұрайқан, Айымқан Қосабайқыздары туралы, сондай-ақ соғыстан аман-есен оралған жездесі Жұмағұл Тайлақов туралы естелігін тыңдады.