Онлайн-шеру: Жеңіс күні қарсаңында «Жаужүрек полкі» акциясы өтеді

06.05.2021 17:00

Онлайн-шеру 9 мамыр сағат 10:00-де басталады

Фото: qaharman1945.kz

Жеңіс күні қарсаңында  Екінші дүниежүзілік соғыс батырларын еске алуға арналған портал іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екінші дүниежүзілік соғыс батырларына арналған портал «Жаужүрек полкі» деп аталды.

Бостандық үшін өмірін қиған, жарқын болашағымыз үшін қан төккен жаужүрек аталарымызды еске алу үшін qaharman1945.kz веб-сайтына кіріп, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандары жайлы ақпарат пен олардың  суретін жүктеу керек.  

Онлайн-шеру 9 мамыр сағат 10:00-де басталады. Акция жобаның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.