Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Ақорда
Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, құрметті қарауыл ротасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті. Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандыққа зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі», – делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33