Мақсат – Отан қорғаудағы жасампаздықты жас ұрпаққа дәріптеу
Алматыда Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv
Іс-шара барысында Шекара академиясының курсанттары әскери ұрыс түрлерін көрсетіп, жеңіс туралы әндерді орындады. Мақсат – Отан қорғаудағы жасампаздықты жас ұрпаққа дәріптеу. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қолдауымен өткен жеңістің 77 көктемінде соғыс ардагерлері де бой көрсеткен еді. Ал ұйымдастырушылар «майдан алаңында ерлігімен есте қалған батырлардың есімін ұлықтау үшін мәдени іс-шараларды жиі өткізуді қолға аламыз» дейді.
«Еліміз 77 жыл жеңістің арқасында аспаны ашық, бейбіт өмір сүріп жатыр, дамып, өсіп, көбейіп келеміз. Әл-ауқатымыз күшейіп жатыр. Жеңіс күнін ұмытпайық», – деді «Застава тарландары» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша төрағасы Марат Мәжитов.