|
09.05.2022 | 14:20
686

Мәулен Әшімбаев: Аталарымыздың даңқты жолын ұлықтау – біздің борышымыз

Сенат төрағасы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Мәулен Әшімбаев: Аталарымыздың даңқты жолын ұлықтау – біздің борышымыз Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті достар!

Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын.

Бұл – нағыз қаһармандық пен қайсарлықтың мерекесі. Бүгін осы атаулы датаға орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым еттік.

Жеңіс күніне орай ұлтымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішіне де арнайы бардым. Бәукең – қазақ үшін ерлік пен өрліктің символы. Аты аңызға айналған батырдың тұлғасын біз қашанда ардақ тұтамыз.

Еңселі елдік – ерен ерліктің нәтижесі. Сондықтан аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты жолын әрдайым ұлықтау – біздің перзенттік борышымыз. Сол себепті таяуда ғана Мемлекет басшысы ерлігі уақытында ескерілмеген батырлар Төлеуғали Әбдібековке, Александр Несмияновқа және Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағын берді. Бұл – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі.

Бейбітшілік пен береке-бірліктің қадірін арттыратын мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Әрдайым қастерлі Тәуелсіздігімізді бағалай білейік.

Жеңіс күні құтты болсын!» – делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир