2025 жылдың ақпанында қазақстандықтар қалай демалады
Коллаж Almaty.tv
Қыстың соңғы айында 8 демалыс күні бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2025 жылдың ақпан айында мемлкеттік мереке күндері болмағандықтан, тек сенбі және жексенбі демалыс күндері болып қала береді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қыстың соңғы айы жылдың ең қысқа айы болғандықтан, қазақстандықтар небәрі 8 күн демалады.
Дегенмен ақпан айында кәсіби және өзге де мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, ондай кәсіби мерекелер атап өтіледі.
Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
- 1 ақпан – Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні;
- 2 ақпан – Ұлттық баспа күні;
- 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарған күні;
БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ
- 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні; Халықаралық адамзат бауырластығы күні;
- 10 ақпан – Дүниежүзілік дәнді-бұршақты дақылдар күні;
- 11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні;
- 12 ақпан – Қызыл қол күні (БҰҰ деңгейінде 2002 жылдан бастап соғыстар мен қарулы қақтығыстарға тартылған балаларды еске алу күні ретінде атап өтіледі); Дарвин күні;
- 13 ақпан – Дүниежүзілік радио күні;
- 20 ақпан – Әлеуметтік әділеттілік күні;
- 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні;
- 27 ақпан –Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні.
Оқи отырыңыз: Алматыда 13-19 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52