Ұлы Отан соғысы кезінде Панфилов атындағы 316 атқыштар дивизиясы ерекше ерлік көрсеткен
Биыл Ұлы жеңіске - 75 жыл. Мерейлі мерекені өз деңгейінде атап өту үшін дайындық жұмыстары ерте басталу қажет. Осы мақсатта Алматы қаласындағы №131 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп мұғалімдері әскери қызметкер және тыл еңбеккері Көпесбай Оразбайұлымен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлы Отан соғысы кезінде Панфилов атындағы 316 атқыштар дивизиясы ерекше ерлік көрсеткен. Дивизия құрамындағы әскерлердің 75 пайызы алматылықтар болған. Шара барысында осы сынды тың мәліметтер айтылды. Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мажілісінің депутаты Азат Перуашов та келіпті.
«Біздің мақтанатын қақымыз бар, себебі Қазақстан фашисттің әскерін жеңген кезде, бүкіл, басқа Републикалардың арасында Қазақстан кәдімгідей күшімен экономикасын салып, қазақ халқы өз атағын жерге тастаған жоқ. Ұлы жеңістің 75 жылдығымен көпшілікті құттықтаймын» - ҚР Қарулы күштері және тыл ардагері Көпесбай ОРАЗБАЙҰЛЫ.