Жеңіске 75 жыл: Соғысқа өзі сұранып барған бозбала взвод командирі болды

Жеңіске 75 жыл: Соғысқа өзі сұранып барған бозбала взвод командирі болды
Шәріп Мықитанов 28 панфиловшылармен бір дивизияда соғысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен ғасырдағы сұрапыл соғыс кезінде майдан даласына өз еркімен сұранып барғандар көп еді. Соның бірі – алматылық батыр Шәріп Мықитанов, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның балалық кезі еліміздегі қуғын-сүргін және ашаршылық жылына тап болады. Соғыс басталарда небары 18-де болған екен. фашистермен шайқас басталған жылы бозбала Шәріп өжеттілігімен көзге түсіп, 28 панфиловшылар қатысқан дивизияның взвод командирі болады. Бір үйден ағала-інілі екеу майданға аттанып, Отан қорғау жолында ерекше ерлік көрсетті.  

«Ұлы Отан соғысының 4 орденімен, 6 медалімен марапатталған. 1987 жылы қыркүйектің 18 күні өмірден өтті. Осындай жақсы азаматтардың, абзал ағалардың арқасында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Оларды біз мәңгі ұмытпаймыз, есімізде болады», - дейді Ш. Мықитановтың жары Төлеухан АҚЖОЛОВА.

Новости партнеров