Майданда ас әзірлеуге арналған көлікте тағам дайындады
Өткен ғасыр батырларының ерлігін үлгі еткен сарбаздар Жеңіс күнінде соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көк байрағымызды желбіреткен әскерилер батырлар рухына тағзым етіп, соғыс ардагерлерінің ризашылығына бөленді. Олар сахнада патриоттық әндерді шырқап, әскери көріністерді сахналады. Жиналған жұрт та бейбіт күннің мәнін ұғып, майданда мерт болған жауынгерлерді еске алды.
«Ол соғыста біздің жерлестер, ағаларымыз қаза тапты. Солардың арқасында осындай күнді, мерекені атап өтіп жатырмыз», – деді Ауған соғысының ардагері Нұрлан Мұқашев.
Сарбаздар отандық қарулы күштердің қолданысындағы техникаларды көрсетәп, майданда ас әзірлеуге арналған көлікте тағам дайындады. Мерекелік іс-шарада өнер жұлдыздарының қатысуымен патриоттық әндер шырқалды. Концерт Медеу ауданында жалғасты.
«Қазақстандықтарды және қала тұрғындарына Жеңіс күнімен құттықтаймын. Елімізде бейбітшілік болсын. Соғыс болмасын», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев.
9 мамырда ерекше ықыласқа бөленетін ардагерлер жастарға өз ризашылығын білдіріп, бейбіт күнді қадірлей білуге шақырды. Сұм соғыстың келмеске кеткеніне сенген олар, майдан даласында қаза тапқандарды еске алды.
Оразай Нұртай, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы