Бостандық ауданы әкімдігі де Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтауды таңғы уақыттан бастап кетті. Аудан әкімі Алтай Рахымбетов оларға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және шахар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Бүгінде ауданда 39 Ұлы Отан Соғысы ардагері және 3 мыңға жуық тыл еңбеккерлері бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Солардың бірі – Бисұлтан Аманғалиев. Ардагер бүгінде 95 жаста. Аудан әкімі мерекемен құттықтады, арнайы сый-сыйапатын тапсырды.
«Үлкен-кішіні, бір-бірімізді сыйлап отырайық. Бәрімізде ортамызда қуанышты болсын», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Бисұлтан АМАНҒАЛИЕВ.
Ардагер Украина майданы қатарында 228-танк батальоны қызметінде болып, жауынгерлік шайқастарды көрдім дейді. Ол екі көзінен қатты жарақат алады. Украина, Польша, Чехословакия сынды елді азат етуге қатысқан.
«Ең алдымен әкімдікке және мемлекетімрадыізге алғыс айтқым келеді. Ардагерлерге тиісті дәрежеде көңіл бөлуде. Олардың қатары онсыз да сиреп барады», – деді Б. Аманғалиевтің қызы Гаухар АМАНҒАЛИЕВА.
«75 жылдық құтты болсын. Елімізде тыныштық болсын. Халқымыздың абыройы арта берсін. Жақсылық Алладан жетсін», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Көлбай АНАФИЯЛЕВ.
Бүгінде Алатау ауданында 9 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 553 тыл еңбеккері бар. Олардың барлығына да өз дәрежесінде құрмет көрсетіледі.
«Қазақта қарты бар үйдің қазынасы бар деп айтады ғой. Осы ардагерлеріміз назардан тыс қалған жоқ. Біз оларды білеміз, сыйлаймыз, қастерлейміз. Жылына бір уақытта емес, осындай олардың мерекелерінде, туған күндерінде құттықтап кетеміз», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат ҚАЛДЫБЕКОВ.
Бүгінде қала бойынша 202 Ұлы Отан соғысы ардагері бар екен. Мемлекет басшысының бұйырығымен мұндай қайталанбас ерлік көрсеткен тұлғаларға бір реттік миллион теңге берілді. Ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайды.
Ұлағат Арғын, «Алматы» арнасы