Мектеп оқушылары өз суреттері арқылы бейбітшілік, өркендеу және тыныштықты бейнеледі
Алматы қалалық полиция қызметтері мен бөлімшелері қызметкерлерінің балалары арасында Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында шығармашылық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мектеп оқушылары өз суреттері арқылы бейбітшілік, өркендеу және тыныштықты бейнеледі.
1-орын ЖӘАЖ рота командирінің орынбасары, полиция майоры Бауыржан Әбдіқаловтың ұлы Қуатбек Дәулетке берілді.
2 орынды Жанель Сейтқали алды, әкесі - Алматы, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Жандос Қырғызбаев.
3-орын Бостандық аудандық полиция Басқармасы ЖКП бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Сейсенбековтің қызы Медина Балтабековаға бұйырды.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мадақтау қағазымен марапатталып, сыйлық табысталды.