Көктөбеде аты аңызға айналған Түрік хоры және Сапрано ұжымының концерті өтті

04.05.2021 01:54

«Жеңіс әндері» – бұл ұрпақтың тірі жадысы, бүкіл әлемді біріктіретін ерекше музыкалық марафон

Almaty.tv

Алматыға әлемнің 16 елі мен бес буынның басын қосқан өнер майталмандары келді. Шаһардың ең көрікті демалыс орындарының бірі Көктөбеде өткен кеш алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Аты аңызға айналған Түрік хоры және Сапрано ұжымы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Жеңіс әндері» атты концерт қойды. Сонымен қатар, сахна саңлақтары соғыс жылдарындағы танымал әндерді шырқады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жеңіс әндері» – бұл ұрпақтың тірі жадысы, бүкіл әлемді біріктіретін ерекше музыкалық марафон. Жоба заман мен ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуға, бабалар ерлігі, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы естеліктер мен ерліктерді дәріптеуге арналған.

«Соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі жылдар, Кеңес үкіметі кезіндегі үлкен құрылыстар туралы, оның дамуы туралы көптеген өлеңдері бар, бәрін тыңдаймыз», – деді  қала тұрғыны Қайрат Сатылғанов.

Рухани маңызы терең шарада өнерсүйер қауымға көшіліктің сүйікті әні «Катюша»мен «Дарки», аңызға айналған «Бухенвальд дабылы», персингтік авторлық трек  «Соғыс туралы не білесің» сынды бейбітшілікке толы әндер орындалды.

«Қазақстанға әр келгенімізде қазақстандықтар мен тыңдармандардан  қонақжайлылық, ерекше ықылас пен махаббат, сүйіспеншілік сеземіз. Сондай-ақ, біз Алматы, Нұр-Сұлтаннан бөлек көп қалада болдық. Тараз, Қарағанды, Семей, Өскенмен бізді ерекше ықыласпен күтіп алды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе», – деді  әнші Михаил Турецкий.

Жоғары талғаммен топтастырылған концерттік бағдарламада қазақ халқының музыка өнерінің жаухары, халық әні Назқоңыр да шырқалды.

«Қандай әсер алып қайтқанымызды айтып жеткізе алмаймыз. Бұл  – өте ерекше, ғажап концерт болды. Біз биледік, ән шырқадық, көңіл көтердік. Түрік хоры, сапрано вокал ұжымы рақмет сіздерге»,  – деді  қала тұрғыны Маргарита Царёва.

Айта кетейік, шарада барлық санитарлық талаптар  сақталды. Кешке куә болғандар керемет әсер алғандарын айтып, тарқасты.

Назгүл Әмірбек, Арсен Сандыбаев, Сағынтай Мұңайтпасов «Алматы» телеарнасы