1 шілде күні сағат 10.00 Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында Уркербаев Төрегелдінің жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Atamnynamanaty"қоғамдық бірлестігі 2019 жылдан бастап жүйелі негізде Қазақстаннан шақырылған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен солдаттар мен офицерлерді іздестіруді, сондай-ақ оларды мәңгі есте қалдыруды жүзеге асырады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің арқасында "Atamnyn Аmanaty " ҚБ Мәскеу қаласынан Нұр-сұлтан қаласына соғыс жылдарында қаза тапқан 3 қазақстандық сарбаздың мәйітін туыстары мен жақындарына салтанатты түрде тапсыру үшін жеткізілді:
30 маусымда Алматы қаласына екі жауынгердің мәйіті әкелінді.
"Т.Уркербаевтың туыстары табылды. Енді туыстары бұл сәтті тағатсыздана күтуде. Барлық қазақстандықтар үшін бұл маңызды оқиға, аталарымыздың ерлігіне құрмет көрсету және олар туралы естеліктерді сақтау мүмкіндігі туып отыр. Ал жас ұрпақ үшін бұл ерлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Өйткені, шамамен 80 жылдан кейін сарбаздар үйіне оралады. Ұрыс даласында хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған адамдардың ұрпағына «Атаңды есіңде сақта, ізде! Атаңды ұмытпа, ізде!"- деген үндеу жолдаймыз", - деді басқарма Төрағасы Мұрат Молдағалиев.