Ол 1941 жылдың қазан айында өз еркімен майданға аттанған
«Алматы» телеарнасы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының батырлары туралы баяндайды.
Бүгінгі кейіпкеріміз Нина Крылова өз еркімен майдан шебіне аттанып, фашистермен соғысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Биыл ардагер 100 жасқа толады.
Нина Крылова 1922 жылы 10 қазанда Мәскеу облысындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. Жеті жылдық мектепте білім алып, өндірістік техникумды бітірген.
Ол 1941 жылдың қазан айында небәрі 19 жасында ерікті ретінде майданға аттанған.
«20 шақырым жерде арнайы әскери зауыт бар еді. Біз сол жерде жұмыс істеуге жіберді. Сол жерде гранаталар жасадық», – деді ҰОС ардагері Нина Крылова.