Ұлы Отан соғысының ардагері Жанша Жанасов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

05.03.2021 19:39

Қазақстанның құрметті құрылысшысы

Ұлы Отан соғысының ардагері,  «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» атанған Жанша Жанасов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты жиынның ашылуына ардагерлер мен батырдың ет жақындары және мәдениет басқармасының өкілдері қатысып, естелігін айтты.

«Ол Алматыда көп жыл тұрды. Сондықтан да Алматыны қатты жақсы көретін. Енді мінекей осындай ескерткіш тақта ашып, атамның еңбегін бағалап жатқан әкімдік өкілдері мен ардагерлерге алғысым шексіз», – деді немересі Ермек Жанасов.