Біз бақытты баламыз: Жетісу ауданында балабақшалар арасында жарыс өтті

10.06.2022 19:08

Ауданда 22 балабақша бар

Almaty.tv

«Біз бақытты баламыз». Бүгін осындай атаумен Алматының Жетісу ауданында балабақша тәрбиеленушілері арасында мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Мектепке дейінгі мекемелерден келген жас бүлшіршіндер бар өнерін ортаға салып, көпшілікті сүйсіндірді. Одан бөлек спорттық жарыстар мен арнайы көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – балалар жылы аясында кішкентайларды қазірден еңбекке баулып, білімге деген қызығушылығын ояту.

«Бізде 22 балабақша бар. 22 балабақшаның барлық тобында балалардың жан-жақты білім алуына, тәрбие алуына, өсуіне, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шаралар жоспарлы түрде өтіп тұрады», – деді Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.