Мерекелік іс-шараға қазақ эстрада жұлдыздары қатысты
Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Көктөбеде Almaty Dream Party атты концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерекелік іс-шараға Мұхтар Ханзада, Мәди Рымбаев, Салтанат Құдайберген, Самат Жанғазин, IMZ1, AZEEX, A’RON, BLACK JACK, Ерлан Али, Мадина Келгенбай және халықаралық «Бозторғай» фестивалінің лауреаттары қатысты.
Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары арасында түрлі ойындар ойнатылды. Ал жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, мерекелік шара «Алматы» телеарнасының ұйымдастырумен өтті.