Мерекелік іс-шара Көктөбеде сағат 19-00-де басталады
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы» телеарнасының ұйымдастырумен Almaty Dream Party атты концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерекелік іс-шара Көктөбеде сағат 19.00-де басталады.
Концертке эстрада жұлдыздарының қатысады.
Атап айтқанда: Мұхтар Ханзада, Мәди Рымбаев, Салтанат Құдайберген, Самат Жанғазин, IMZ1, AZEEX, A’RON, BLACK JACK, Ерлан Али, Мадина Келгенбай. Сондай-ақ халықаралық «Бозторғай» фестивалінің лауреаттары өнер көрсетеді.
Қаланың ең көрікті жері «Көктөбеде» кездесеміз!