Алматыда «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар байқауының кезекті маусымы басталады

Байқау 3 кезеңнен тұрады

Алматыда  «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар байқауының кезекті маусымы басталады zhuidyz.tv

Алматыда жыл сайын өтетін «Бақыт деген – сенің бала күндерің» атты балалар арасындағы вокалдық фестиваль-байқауының кезекті маусымы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара 2022 жылдың 21-22 шілдесінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.

Фестиваль биыл алтыншы жыл қатарынан өткізілгелі отыр. Биыл байқауға Қазақстанның әр өңірінен 6 мен 16 жас аралығындағы 11 бала қатысады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1. қазақстандық хитті орындайды;

2. шетелдік хит орындалады;

3. «Жұлдызды дуэт» деген атаумен гала-концерт форматында өтеді. 

Байқауға қатысушы өнерлі балалар отандық эстраданың жарық жұлдыздары Әлішер Кәрімовпен, Әнел Әреновамен, Салтанат Құдайберген және басқа да әншілермен бірге дуэт орындайды.

Өткен 5 маусымда еліміздің түкпір-түкпірінен байқауға қатысуға 7000-дай өтініш түскен. Осы байқаудың 50-ге тарта қатысушысы елімізде және шетелдерде өткен түрлі фестивальдар мен байқаулардың лауреаты атанып үлгерді.

 Бұл іс-шараның шығынын толықтай демеушілер көтереді. Ұйымдастырушылар халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар арасында шығармашылықты насихаттауды мақсат етеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир