«Балалар жылы» аясында өткен байқау бірнеше кезеңнен тұрады
Алматы қаласы Алатау ауданында мектеп оқушыларының арасында робототехникадан сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мақсаты – балаларды жастайынан инновациялық технологияды меңгеруге баулу. Іс-шара № 178 мамандандырылған лицейде ұйымдастырылды. «Балалар жылы» аясында өткен байқау бірнеше кезеңнен тұрады.
«Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Мектепішілік кезеңі бітіп, қазір 24 мамырға дейін аудандық, 28 мамырда қалалық кезең ұйымдастырылады. 1 маусымда сайыс мәресіне жетеді», – деді «Алматы дарыны» балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығының әдіскері Ләззат Жұмаділова.