Халықаралық балаларды қорғау күнінде алматылық балдырғандар бағалы сыйлық алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мерекелік іс-шарада арнайы көрме де ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Балаларға ең әуелі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек». Осылай деген кәсіпкерлер бүгін қала көшелерінде балдырғандарға сыйлық жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде балдырғандар бағалы сыйлыққа ие болды. Бағалы дейтініміз бекер емес. Сыйлық – ұлттың ұлы құндылығы, қазақтың қара домбырасы. Ұйымдастырушылар айтуынша, бала елдің – болашағы. Сондықтан олардың бойында ұлттық рухтың болуы маңызды.    

«Мемлекетімізге қарап отырмай бізде  үлесімізді қосайық. Балалар үшін кәсіпкерлер осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз», – деді кәсіпкер Гүлбахар Исламбекқызы.

Мерекелік іс-шарада арнайы көрме де ұйымдастырылды. Ал оның негізгі қатысушылары – әлеуметтік аз қамтылған отбасы. Көркемөнер бұйымдарымен танысқан көпшілік айтулы күнде қайырымды жандарға ақ тілегін арнап, алғысғын білдірді.

«Қазағымыздың қолөнері өрлей берсін. Тілегімізді қабыл еткізіп, басымызды аман, бауырымызды бүтін қылып, халқымыз аман, еліміз тыныш, бейбітшлік заман болсын, жарықтарым», – деді зейнеткер Гүлсара Сағынбекова.

«Біз балалар мерекесіне жауапкершілікпен қарап, тек балаларға арналған дәстүрлі көрмені ұйымдастырдық. 10 жылдан бері балаларды ешқашан ұмыт қалдырған емеспіз. Жылда көрме өтеді», – деді кәсіпкер Салтанат Өмірәлі.

Кейін ұйымдастырушылар ата-аналармен бірге қазақтың ұлттық биі қара жорғаны билеп, көпшіліктің қызығушылығын оятты. Арасында Нигериядан келген қонақтар да бар. Олар көңілі көлдей шалқыған қазақтың қонақжайлығына риза болды.

Мерей Қанапиянов, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров