Қаңтар оқиғасы: Алматы қаласына 98 миллиард теңгеге шығын келген

Қаңтар оқиғасы: Алматы қаласына 98 миллиард теңгеге шығын келген
Елімізде 331 адам түрлі жазамен сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы бойынша жасалған 1066 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздік – 5, терроризм актілеріне қатысты – 5 іс тіркелген. Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, бейберекет кезінде Алматы қаласына алдын ала есептеу бойынша 98 миллиард теңгеге шығын келтірілді.

«Елімізде қаңтар оқиғасына байланысты 5065 сотқа дейінгі тергеп, тексеру ісі тіркелген.  514 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр. Егер адамдар анықталса, қажетті әрекеттер жүргізілгеннен кейін іс бірден сотқа жолдануда. Бүгінгі күні 367 қылмыстық іс сотқа жолданып, олардың 331 адам түрлі жазалармен сотталды», – деді ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.


Новости партнеров