Сайыста 700-ден астам дарынды жас бақ сынайды
Алматыда халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауы өтіп жатыр. 24-рет ұйымдастырылған сайыста 700-ден астам дарынды жас бағын сынайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдерінен келген жас өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды тілшісі.
Жарыс жеңімпаздары «Славян» базары және халықаралық байқауларға жолдама алады. Айта кетейік, конкурс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
«Әрқайсы бізде 4 номинация бойынша өтеді. Хореография, сән театры және вокал менен халық әндерін орындау. Биыл өте жақсы халық музыка орындауда оркестр көп келді, Ал Ақтөбеден, Маңғыстау облысы муызка мектебінен де келіп жатыр», – деді «Бозторғай» халықаралық шығармашылық конкурсының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова.
«Осы конкурста көп жыл қазылар алқасында отырмын. Соған өте қуаныштымын. Алматымыз жарқырай берсін. Жаңа Қазақстан жарқырай болсын», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынбүбі Омарбекова.