ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
Саясаттанушы және Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қасым-Жомарт Тоқаевтың өте өзекті, маңызды, нақты пайым жасағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Біздің жалғыз ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ой айтты. Өте өзекті, маңызды, нақты пайым. Қаншама мемлекеттілігі жоқ халықтар бар! Күрд, ұйғыр ағайын, сикх халқы... Мемлекеттікті сақтап, келесі ұрпақтарға эстафетаны ұстатып кету – басты миссия!
Саяси реформа болады, оған ешқандай балама жоқ. Әлеуметтік проблемалар бар, оларды шешу керек. Экономика, саясатта монополия болмауы керек. Заман талабына сай бағыт», - деп жазды депутат Facebook-парақшасында.
Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат беріп, халықтың көкейінде жүрген өзекті де маңызды сауалдарға жауап берді.