Біз ХХ ғасырдың тарихын қайта қарау мүмкіндігіне ие болдық – Мәмбет Қойгелді

24.11.2023 14:09
Сурет: Аlmaty.tv

Еліміздің Президенті репрессия қуғындарын толық ақтау туралы жарлыққа қол қойды. Соның нәтижесінде мемлекеттік комиссия құрылып, 2021-2022 жылдары 31 томнан тұратын құжат жарық көргенін атап айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Президенттің қабылдаған жарлығы шешуші роль атқарды. Соның нәтижесінде осы уақытқа дейн архив қорында жатқан репрессияға байланысты материалдар зерттеушілердің қолына берілді. Бұл үлкен жаңалық болды. Біз 20 ғасырдың тарихын қайта қарау мүмкіндігіне ие болдық. Алаш қозғалысы деген не, ол қандай мақсатты көздеді деген сауалдарға көптомдықтар арқылы жауап алуға болады,- деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект: болашаққа қадам мектептен бастау алады