Жаһандық өзгерістер мен экономикалық даму кезінде мемлекеттің дұрыс бағыт таңдай білуі аса маңызды екенін Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры Досалы Салқынбек айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
– Қазақстан Президентінің басшылығымен 2020 жылы үндеу жарияланды. Үндеудің мақсаты - саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау. Осы тұрғыда бұған дейін де жұмыстар атқарылды. Бірақ аяқсыз қалды. Президент саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі үндеуден бөлек, жарлық шығарды. Соның нәтижесінде тарихшыларға ғылыми еңбектер жазуға кең серпіліс берілді. Осыған дейін белгісіз болып келген, көпке айтылмаған талай Алаш қайраткерлерін ашып, еңбектерін жазып жатырмыз, - дейді Досалы Салқынбек Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры.
Оқи отырыңыз: Президент ұлттық бизнеске қолдау көрсетеді