Президент Тоқаевтың саяси бастамалары еліміздің саяси жүйесін түпкілікті өзгертеді
Ұлттық Кеңес (бұрынғы) мүшелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасын талқылады. Бұл туралы кеңес мүшесі, депутат Ерлан Сайыров пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.
"Президент Тоқаевтың саяси бастамалары еліміздің саяси жүйесін түпкілікті өзгертеді. Конституциядағы 98-баптың 33- бабына өзгерістер жасалады. Конституцияның 6-бабына "Жер және жер қойнаулары халықтың меншігі" деген бап енгізіледі. Бұл әлеуметтік әділеттілік принципінің ең басты аспектісі. Сонымен қатар Конституциялық Сот институты халықтың мұң-мұқтажын орындауға назар аударатын болады. Бұл институтқа азаматтар тікелей шығуға құқылы", - дейді депутат.
Оның сөзіне қарағанда, Парламенттің рөлі мен маңызы артады.
"Мәжіліске Жоғарғы аудиторлық Палата есеп беретін болады. Адам құқы жөніндегі Өкіл туралы бап пайда болады. Президенттің туған-туыстарына мемлекеттік қызмет атқаруына шектеу коррупция мен протекцияның тамырына балта шабады. Референдум саяси жүйені ревизия жасап, реваншисттік күштердің билікке келуіне қарсы иммунитет болады. Жаңа саяси модель, халықтық мемлекеттің бет әлпеті осы референдумнан басталады. Референдум Жаңа Қазақстанның фундаментінің негізі", - дейді ол.