Онда Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берді
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Онда Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берді.
Атап айтқанда, құжатта экономика, әлеуметтік сала және өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер жөніндегі жоспарлар айқындалған.
«Алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап болмақ, сонымен бірге сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұрақтылығымызды күшейтпек», — делінген Сайлауалды бағдарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, басты мақсат – Қазақстанда әділеттілік орнату.
«Мемлекет монополияларды жояды, табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз етеді. Қолынан іс келетін еңбектенем деген әр азамат өзіне лайықты жұмыс табады. Көмекке мұқтаж кез келген азамат мемлекет пен қоғамнан қолдау көреді», — делінген бағдарламада.
Жақында ғана Мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойды. Оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады. Бала қаражатты кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе баспана сатып алуға пайдалана алады.
Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шамамен 632 мың ата-ана 258 млрд теңгеден астам сомаға төлем алды.
Бұрын тауар түрінде берілген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланды. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 6 млрд теңге сомасына 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Түрлі инстанцияларға жүгінбей-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) енгізілді. Мысалы, әлеуетті қызмет алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі қажет. Өтінішті толтыру және жәрдемақыларды немесе төлемдерді тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады, осыдан кейін қаражат қызмет алушының банктік шотына аударылады.
Цифрлық карта мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады. Бүгінгі таңда онда 6 млн-нан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.
Отбасының цифрлық картасы қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін рәсімдеуге мүмкіндік береді:
ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерiн алу мүмкiндiгi, тағайындалған/ұзартылған «қандас» мәртебесi мерзiмiнің аяқталуы және жұмыссыз тұлғаларды жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар жасалады.