Ұлт мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғалар да жұртты бірлікке шақырып жатыр. Халық әртісі Бибігүл Төлегенова азалы күндерде барша халыққа Президентті қолдау керек екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ бүлікшілерге тойтарыс беру барысында қаза тапқан сарбаздарға көңіл айтты. Ол сондай-ақ әсіресе жас сарбаздардың қыршын кеткеніне ана жүрегінің қақ айырылғанын жеткізді.
«Балаларымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған туған-туысқандарына денсаулық тілеймін. Еліміз тыныш болсын. Бар қазағым бірге болып, Президентке қолдау көрсетейік. Өйткені оларға да қазір қиын. Айналайындар, сіздерге қайғыра көңіл айтып, біз де жылап отырмыз», – деді КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.