Бәріміз бірігіп, Президентімізді қолдауымыз керек – Бибігүл Төлегенова

11.01.2022 15:51

Халық әртісі бүлікшілерге тойтарыс беру барысында қаза тапқан сарбаздарға көңіл айтты

Almaty.tv

Ұлт мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғалар да жұртты бірлікке шақырып жатыр. Халық әртісі Бибігүл Төлегенова азалы күндерде барша халыққа Президентті қолдау керек екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ бүлікшілерге тойтарыс беру барысында қаза тапқан сарбаздарға көңіл айтты. Ол сондай-ақ әсіресе жас сарбаздардың қыршын кеткеніне ана жүрегінің қақ айырылғанын жеткізді. 

«Балаларымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған туған-туысқандарына денсаулық тілеймін. Еліміз тыныш болсын. Бар қазағым бірге болып, Президентке қолдау көрсетейік. Өйткені оларға да қазір қиын. Айналайындар, сіздерге қайғыра көңіл айтып, біз де жылап отырмыз», – деді КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова.