Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек – Президент

29.04.2022 16:49
e-history.kz

Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір қатерлі күндер артта қалды. Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз», – дейді  Президент.