Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек – Мемлекет басшысы

29.04.2022 17:04
Almaty.tv

Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясынада Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 «Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек», – деді Президент.