Оразалы Сәбден декларацияның қалай қабылданғанын айтты

18.10.2023 17:06
Аlmaty.tv

"Тәуелсіздік жайлы декларация қабылданған кезде көзге жас келді" дейді академик, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Оның айтуынша, сол сәтте ата-баба арманы орындалған.

- Жоғары кеңестің шақырылымында егемендік туралы деклерацияны қарадық. Декларация қалай қабылданады? Депутаттар арасында өзге ұлттың өкілдері бар ғой. Бәріміз ақылдаса келе, сол депуттаттармен сөйлесейік деп шештік, - деді академик, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбден.