Ғазиз Әбішев: Партия елдің сенімі үшін күрес жүргізуі қажет

03.03.2022 17:08
inform.kz

Президент Amanat партиясын ұжымдық басқаруға тапсыруы мүмкін. Саяси шолушы Ғазиз Әбішев ҚазАқпараттың сұхбат алаңында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Президенттің партия басшылығынан кететіні туралы әңгіме оның орнына төрағалыққа басқа адам келеді дегенді білдірмеуі мүмкін. Мемлекет басшысы партияны ұжымдық басқаруға тапсырады деген нұсқа бар. Яғни, партия басшылығы көшбасшы тұлағадан ұжымдық типке ауысады. Мүмкін, жалғыз төрағаның орнына хатшылық құрам немесе саяси бюро басқаруы мүмкін. Бұл партияны бұрынғыдай адамның төңірегіне емес, идеяның топтасатын идеологиясы мығым институционалды күшке айналдырады», - деді саяси шолушы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, мұндай тәсіл партия мен саяси жүйені тұрақты етеді.

«Біз бір шектен екінші шекке ұмтыла береміз. Партия елдің сенімі үшін күрес жүргізуі керек. Ол үшін мажоритарлық жүйеге оралу қажет. Адамдар өз дауысы үшін күресіп, дауыс берушілермен тікелей байланысқа түсуі керек», - деп толықтырды Ғазиз Әбішев.

Теги: партия