|
07.02.2024 | 12:15
325

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдардың жағдайын сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдардың жағдайын сынға алды elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев автожол мәселесіне тоқталды.

«Еліміз үшін  айрықша маңызды «Астана-Балқаш-Алматы» тасжолы  әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарының жөнделіп жатқанына  5 жылдан асты. Биыл  осы жұмыстар  біржола аяқталуға тиіс. Бұл жерде  бірнеше мәселені ескеру қажет. Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін  көп жағдайда  тек  шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға  қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек.  Сонымен қатар жол құрылысына қажетті техниканы  елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек. Жалпы, жол мәселесіне келгенде  бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі  сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир