Құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы көтерілсін – Тоқаев

11.01.2022 17:20
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында азаматтарды, конституциялық құрылымды кез келген қауіптен қорғау үшін ұлттық қауіпсіздік жүйесін толық өзгерту керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қарулы күштер, Құқық қорғау органдары, Ұлттық қаупсіздіқ қызметі, Сыртқы барлау қызметі жұмысын жүйелеп, оларға жағдай жасау үшін жалақсын арттыруды тапсырды.

"Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы жасақтарының санын көбейту, жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, қажетті арнайы көліктермен жабдықтау, барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек", – деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысына Президент қатысып жатыр. Тоқаев отырысқа видеобайланыс арқылы қатысып жатыр.