Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі мегаполисті қысқа мерзімде қалпына келтіретініне сенеді

18.02.2022 17:46

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, құрылыс компаниясының директоры Тимур Нұртаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын көргеннен кейін өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мен саяси өмір туралы сирек сөз етемін. Бірақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты туралы алған әсерімді шет қалдырмай, бөліскенді жөн көрдім. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жүргізу қажеттігімен келісемін, бірақ бұл ретте Мемлекет басшысы оларды ауыстыруды мақсат етпейді. Президент сұхбатында өңірлердегі қала басшыларына қойылатын негізгі талап азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлының біздің қаламыздағы жағдайды қадағалап, жеке бақылауында ұстайтын алматылық ретіндегі сәті қуантты. Алматы қысқа мерзімде қалпына келеді деп үміттенеміз!» - деді Т. Нұртаев.