"Тәуелсіз мемлекет шаңырақ десек, әрқайсымыз оның уығы болуға тиіспіз". Бұл - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісованың пікірі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Әнші бабалар ғасырлар бойы аңсаған, тәуелсіздік "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның" келуіне мүмкіндік беретініне сенеді.
- Республика күні - қазақ елі үшін аса маңызды тарихи күн. Бұл күні алғашқы егемендік декларацияға қол қойылып, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды. Соның нәтижесінде біз тәуелсіз ел болдық. Біз бақытты ұрпақпыз, - деді Сәуле Жанпейісова.