Смағұл Елубай: Декларация қабылдау – тарихтың өзі күн тәртібіне қойған мәселе

25.10.2023 19:27
Сурет: Аlmaty.tv

Жазушы, драматург Смағұл Елубай Қазақстанның декларация қабылдап, бір жылдан кейін тәуелсіздік жариялауы тарихи заңдылық болғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 - 1990-шы жылдары декларация жариялау тарихтың өзі күн тәртібіне қойған мәселесі болды. Өйткені Кеңес Одағының экономикасы шетелдік нарықтық экономикасының алдында тізе бүкті. Оған төтеп бере алмады. Дүкен сөрелері қаңырап бос қалды. Халық ішер асқа, киер киімге жарымады. Осындай жағдайда Кеңес үкіметін одан әрі ұстап тұру мүмкін емес еді. Тіпті Кремльдің өзі орталықтан басқару мүмкіндігінен айырылды. 1990 жылы 15 республика егемендік туралы декларация жариялап, тәуелсіздік алуға бет бұрды. Қазақстанның бір жылдан кейін тәуелсіздік жариялауы тарихи заңдылық еді. Ұлттың ұлық мерекесі құтты болсын! Қазақстанның дамуы, әрқайсымыздың ісімізде дамуымызға тікелей байланысты. Қазақстан болашағы өз қолымызда. Мереке құтты болсын! - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Оқи отырыңыз: Асанәлі Әшімов: 25 қазан – қазақ еркіндік алған күн