Сайлау қарсаңында айтылған Президенттің жоспарларының көбі іске асты, деп санайды Ұлықбек Есдәулет.
- Ауыл мәселесі қолға алынып жатыр. Жаңа әрі жайлы мектептер салу жобасы жүзеге асырылды. Сонымен қоса, ауылдық және аудандық әкімдер сайланды. Бұл жақсы бастама болды. Халық қалаған әкімін сайлады. Мұны демократияның қазақ топырағына келу нышаны деп тануымыз керек. Бір жылдың ішінде атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жылдардың баспалдағы деп айтар едім, - дейді ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет.
Оқи отырыңыз: Халық ертең емес, бүгін бақытты болғысы келеді - Смағұл Елубай