ҚР ҰҒА академигі Кәрімбек Құрманалиев Президенттің ел болашағы үшін ұлттық мүддеге тамыр тартқан сөздерін тыңдап, риза болғанын айтты, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Elorda.info сайтына сілтеме жасап.
«Президент сөзін тыңдадық. Елдің болашағын үшін ұлттық мүддеге тамыр тартқан сөздерін тыңдап, риза болдық. Әсіресе ғылым, білім өкілі ретінде мен Президенттің ел болашағын біліммен байланыстыратынын тағы да қайталап өткім келеді. Мемлекет басшысы оқушыларымыз білімді болуы үшін сауатты, білімді кадр керек екенін алға тартты. Ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеруге, біліктілігін арттыруға арнайы бағдарлама дайындауды Үкіметке тапсырғаны біз үшін қуанышты хабар. Екіншіден, еліміздің халқы көп қоныстанған ауылдық жерлердегі азаматтарға оқу грантын көбейту мәселесі күн тәртібіне енгізілді. Ауылдағы балалардың жағдайы жасалып жатыр. 30 пайыздық квота бар. Бірақ Президент оны еселеу керек деу арқылы елінің болашағын біліммен байланыстыратынын танытты. Біз осы жағын жақсы ұқтық. Біз Президентіміздің шешімін толықтай қолдай отырып, оны жедел асыру үшін Үкіметке көмектесуіміз керек екенін ұмытпайық, ағайын», – деді академик.