Президенттің қоғамдағы барлық проблемадан хабардар екені байқалды – профессор

inform.kz
inform.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Георгафия ғылымдарының докторы, профессор, Жетісу университетінің ректоры Қуат Баймырзаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатына орай пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Мазмұнды сұхбат болды. Мемлекет басшысының қоғамдағы барлық проблемадан хабардар екені анық байқалады. Халықты екіұдай ойға қалдырған кейбір жайттарға қатысты сұрақтарға әсірелемей, байыппен жауап берді", – дейді профессор. 

Оның айтуынша, азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек. 

"Жоғары оқу орнының басшысы ретінде «Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты» екенін жастарға ұғындыру аса маңызды деп санаймын. Еңбегінің лайық бағаланатынын білген әрбір жас бар күш-жігерін жиып, талмай еңбектенетіні анық. Еліміздегі әрбір оқу орны студенттерді академиялық адалдыққа тәрбиелей алса, қоғамда адал еңбек ететін азаматтар көп болады деп сенемін", – дейді ол.

Новости партнеров