Қазақ еліне бірлік керек - Болат Әбділманов

15.10.2023 19:42
Аlmaty.tv

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Әбділманов әр азамат ұлық мерекені жауапкершілікпен, жанымен, жүрегімен сезініп, жаңа Қазақстанның дамуына үлесін қосуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

 - Біз осындай сәттерде Абайдың даналық сөзіне зер саламыз, таразылаймыз. Бабаларымыз елдік мәселе көтерілгенде бас араздықты ұмытып, "бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып", "бас басына би болмай" бір адамға бағынушы еді. Бірлік болмай, тірлік жоқ. Сондықтан бізге бірлік керек, - дейді Болат Әбділманов. 

Оқи отырыңыз: Н. Оразалин: Декларацияда ең бірінші ерлікке барған сөз - шекараны анықтап алу