Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнестің ірі өкілдерімен кездесу өткізді

21.01.2022 19:46

Президент Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды

Берик Уали

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнестің ірі өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық  саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Президенттің сөйлеген сөзінде мынадай маңызды қағидаттар айтылды:

–  әділ бәсекелестік;

–  қабылданатын шешімдердің ашықтығы;

–  мемлекеттік саясаттың болжамдылығы;

–  бизнестің салықтық тазалығы;

–  кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі.