Жарысқа 8 ауданнан ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты
Алматыда зейнеткерлер арасында бильярдтан жарыс өтті. Бәсекені Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бостандық ауданы әкімдігі арнайы ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған 8 ауданнан ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Зейнеткерлердің ең жасы 63-те болса, үлкені 80-нен асқан. Бұған дейін шахмат пен тоғызқұмалақ сынды ойындарда бақ сынап жүрген олар бүгін жаңа ойын түрінен сынға түсті. Үздік атанғандарға Бостандық ауданы әкімінің арнайы жүлдесі табысталды.
– Әр ауданда «Ұзақ өмір сүру» орталығы бар. Ардагерлер бір-бірімен араласып, шахмат ойнап, скандинавтық жүрумен айналысып жүр. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жарысты ұйымдастырып отырмыз, – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева.
– Он алты ардагер қатысты. Себебі бір аудан емес, бүкіл қаланың назарын аударғымыз келді. Ардагерлер қолдады, ұсыныс білдірді, – деді Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Әсен Бесбаева.
Оқи отырыңыз: Босктан Қайрат Рысқұлбековті еске алуға арналған турнир өтті