Астана әуежайы екінші ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр

20.09.2022 19:51

Жаңа жолақ жолаушылар мен жүк тасымалы санының артуына септігін тигізеді

Абзал Калиев

Астана әуежайы екінші ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мекеме басшылығының айтуынша, 2028 жылға қарай қазіргі бір жолақ аздық етеді. Соған байланысты қосымша тағы біреуін ашу керек. Екінші жолақпен қатар арнайы экономикалық аймақ пен темір жол салу көзделген. Ол авиаотын тасу жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен қатар, жаңа жолақ жолаушылар мен жүк тасымалы санының артуына септігін тигізеді.