Алматыда "Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте" фестиваль-концерті өтіп жатыр - фоторепортаж

18.03.2022 20:16

Студент-жастарға арналған шараға еліміздің танымал тұлғалары мен белгілі әншілері қатысуда

Almaty.tv

Алматы қаласында «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алматы Арена» стадионында өтіп жатқан фестивальге алматылық жастармен қатар, танымал тұлғалар мен белгілі әншілер де қатысуда.

Фестивальді Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жүргізеді.

Аталған шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасын қолдайтынын жеткізе отырып, Алматы жастарына жақсы серпіліс беру үшін ұйымдастырылып отыр.

Жеке кәсіпкерлердің қолдауымен ұйымдастырылған фестивальге Алматының көптеген оқу орындарында оқитын 15 мыңға жуық студент жастар қатысуда.

Жастар болып елді бірлікке, берекеге шақыратын акциялар алдағы уақытта жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Жастар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген қолдауы мен ықыласын осындай плакаттар арқылы жеткізіп жатыр.